ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН

77
0
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Жұлдыз елді мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Әкім тұрғындармен кездесу барысында «Қарабастау» тұрғын алабының Бойыт ата және Жаңақұрылыс көшелерінде орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталғанын, ал «Бадам» тұрғын алабының Тоғайлы көшесінде спорт алаңшасының құрылысы аяқталу сатысында екендігін, сондай-ақ, III-кезеңмен «Бадам» тұрғын алабының Гауһартас көшесінде ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айта кеткен жөн, спорт және ойын алаңшалары жергілікті тұрғындардың ұсынысымен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, тұрғындар Құрманғазы, Бердалиев, Жұлдыз көшелерін жарықтандыру бойынша мәселесі көтеріліп, аталған көшелер 2023 жылдың көктеміне дейін жарықтандырылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап өту керек, жаңадан бой көтеріп келе жатқан Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аумағына яғни 8 көшеге шағал тас төселді. Сондай-ақ, жаңа электр бағаналары орнатылып, электр желісі тартылып, ауыз су құрылысының жұмыстары да басталды. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аумағында жүргізілуде, нысан 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы ауыз су құрылысы «Қаратөбе»,»Жұлдыз» елді-мекендерінің Жаңақұрылыс аумағында да жүргізіледі. Жұлдыз тұрғын алабындағы 27 көпқабатты үйге кәріз жүйесі жүргізілуде. Қазіргі таңда «Қарабастау», «Қаратөбе», «Жұлдыз», «Жалын» тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтарын газбен қамтамасыз етудің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың ІІ-ші жартысында бастау күтілуде.
Ағымдағы жылы жалпы Жұлдыз аумағында 33 көшеге асфальтталды, бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. Тұрғындармен өткен кездесу дәстүрге айналған, әрбір кездесуде атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.