ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ЖИҺАЗ ШЫҒАРЫЛАДЫ

66
0

Шымкентте «Қазақстанда жасалған» деген статусы бар отандық өнім шығарушы кәсіпорындар қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласында «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «MEGA SMART» жиһаз жасайтын фабрика. Мұнда ас үй мен жатын бөлмеге арналған сапалы жиһаздардың барлық түрі бар. Жиһаз фабрикасындағы орналастырылған барлық қондырғылар еуропа елдерінен әкелінген. Италяндық қондырғылар сапалы әрі дөп кеседі. Зауыт операторы Фамиль Фанеров айтуынша италияндық қондырғылар автоматтандырылған. Оған технолог бағдарлама арқылы керекті тапсырманы егізеді, қалған жұмыстардың барлығын қондырғы өзі жасап шығарады.
«Біз жиһаздың басты сапасына мән береміз. Сосын тапсырыс берушінің қажеттілігін анықтаймыз. Қандай көлемде, қандай Тапсырыс берушінің жұмысын дәл уақытында орындап беру үшін қажетті заттарды біз қоймада артығымен ұстаймыз», — дейді бөлім басшысы Руслан Құрмаханов.
Фабрика халықаралық стандартқа сай өнім шығарады. «MEGA SMART» брендімен жиһаздар Қазақстан аумағында ғана емес Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 106,7 пайызды құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген.