ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ОРЫНДАЛУДА
Шымкентте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», деген болатын. Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді. Билік пен халық арасында ашық диалогтың болуы, емін-еркін пікір алмасуы, елдің жағдайын жақсартуда. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерді аралап, тұрғындармен арнайы кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайын түсіндірме жүмыстарын жүргізуде.
Осындай кездесулердің бірі Еңбекші ауданы тұрғындарымен өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, айтылған мәселелерге байланысты әкім тарапынан тапсырмалар берілген болатын.
Жалпы берілген хаттамалық тапсырмалардың саны 48 болса, оның 30 орындалған, ал 18 жұмыс барысында. Кездесу барысында тұғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі Тұрдыабад тұрғын алабында орналасқан «Сүзік ата» мазаратына барар жолды ретке келтіріп, тас төсеп беруіді сұрады. Аталған мәселе жергілікті атқарушы орган тарапынан зерделеніп, шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғындардың мәселесі өз шешімін тапты. Яғни «Сүзік ата» мазаратына барар жолға фреза тастары төселді. Сондай-ақ жиында тұрғындар Абдулабад тұрғын алабы Кеңсай-2 көшесіндегі №101 А.Ақбаев мектебіне барар жолды жөндеп беруін сұрған болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында жолды орташа жөндеуден және аяқ жол салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, бюджетке өтінім берілді. Жол зерделеніп, нәтижесінде №101 А.Ақбаев мектебіне барар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқ жол төселді. Дәл осындай жұмыстар Бадам-1 тұрғын алабындағы «Набрежная» көшесінің асфальт салынбаған бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған бөлігін асфальтталды.