АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ ЖОҚ

73
0
Шымкентте азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік құзырлы органдар тиісті шаралар қабылданып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Елімізде алдағы күндері үлкен мерекелер келе жатыр. Осы орайда халықтың басым көпшілігі тұтынатын азық-түліктер бағасы шарықтап кетпеуінің алдын алу, сондай-ақ бағаны негізсіз көтеру бойынша мониториг жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осы мақсатта жүзеге асып келеді. Қала тұрғындардың бағаға байланысты өтініш-тілектерін жедел әрі нәтижелі етіп қарастырылуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді.
Тұжырымдама негізіде азық түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында бағаны бақылау шарасы ұйымдастырылды. Жауапты сала мамандары шара аясында ірі сауда орындары мен үй алдындағы азық-түлік дүкендерін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мақсат  бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына яғни бекітілген 19 тауар түріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді деп көрсетілген.
Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-4 бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республкасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белігленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру – ескерту жауасауға алып келеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады делінген.
Егер, қала аумағындағы дүкендерде тауар бағаларының қымбаттағанын байқасаңыздар 24-75-41 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады.