ШЫМКЕНТТЕГІ КЕЗЕКШІ ХҚО ЖАҢА МЕКЕНЖАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

58
0

Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұған дейін Қаратау ауданы, Төлеметов көшесі, 35  мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Мәделі Қожа көшесі, 16/1  ғимаратында қызметалушыларды қабылдайды.
Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.
Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО  әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін жұмыс жасайды.
Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады.