«ҚЫС-2022» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВАРИЯНЫ ЖОЮДАН БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында «Қыс-2022» республикалық командалық оқу-жаттығуы өткізілді,-деп хабарлайды uakit.kz.

«Қыс-2022» Республикалық командалық оқу-жаттығу шарасы практикалық тұрғыда өткізілуде.

Бұл оқу-жаттығу шарасына  Түркістан қалалық Азаматтық қорғау қызметтерінің құру және ережесін бекіту туралы Өкімге сәйкес қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы және техникалары қатыстырылуда.

Өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты қалалық жедел ден қою жасақтарының кез келген уақытта дайын болуы, болған жағдайда адамдарды және материалдық құндылықтарды шұғыл түрде құтқаруға дағдылау болып табылады.

Осыған байланысты бүгінгі оқу-жаттығу барысында шартты түрде бекітілген «Жылу» МКК орталық қазандығында (2 дана қатты отынды пайдаланатын КВР-23,26-150 маркалы, 5 дана табиғи газбен пайдаланатын Виссман- КГ-150 маркалы) орын алған авария салдарынан орын алуы мүмкін жағдайлар, оны жою іс-шараларын қарастырды.