ШЫМКЕНТТЕ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

82
0
Шымкентте жасыл белдеу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген.
“Жасыл белдеу» КММ-сінің қызметкерлерімен қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда бұл аумаққа қарағаш көшеттері отырғызылып, 2 түрлі 5 трактор, УАЗ және ГазЕЛЬ техникалары, сонымен қатар жалпы саны 50 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал қаланың ішкі аумағына — Тұран мөлтек ауданы , Шымсити қалашығы мен Жаңа құрылыс көшелері бойына жоспардағы 100 000 ға жуық ағаш көшеттері отырғызылуда; Оның 14 000-ы емен, 25 000-ы ясень, 20 000-ы үйеңкі, 5 000-ы талшын, 25 000-ы катальпа ағаш көшеттері. Жоспарға сәйкес аталған ағаш түрлерінің қазіргі таңда 10 000 ға жуық данасы отырғызылды.
Бұдан бөлек, қала ішін жасыл желек айналдыру мақсатында өткен сенбіде қалалық сенбілік өткен болатын. Қалаға қарасты төрт аудан әкімдігі ағаш көшеттерін отырғызу шарасын ұйымдастырды.  Еңбекші ауданы сенбілікті 1- автожол бойында өткізіді. Онда Қаратөбе, Базарқақпа, Шаңырақ тұрғын алаптарының аумағы қамтылды. Тазалық жұмыстарына Жастар көшесінің тұрғындары және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығының» волонтерлары қатысып, 1785 дана ағаш көшеттерін отырғызды. Сенбілікке жалпы саны 375 адам қатысып, 6 техника жұмылдырылды.
Ал, Әл-Фараби ауданы Бәйдібек би-Төлеметов көшелерінің қиылысына 550 түп қара ағаш және айланд ағаш көшеттері отырғызылса, Абай ауданы бойынша тазалық жұмыстары  Шымкент-Ташкент тас жолының бойында жүргізілді. Онда биіктігі 150-170 см құрайтын 2 мыңнан аса терек көшеттері егілді. Жіне де Жаңа әуежай терминалына барар жолдың бойына 353 арша ағашы мен 82 қырым қарағайы және Нұршуақ шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесіне 200 қарағай көшеттері егілген болатын. Сондай-ақ, Қаратау ауданы Мирас шағын ауданында орналасқан “Шымсая” шатқалына 4000-ға жуық терек ағашының көшеттері отырғызылды.