ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ
Қаланың бас дәрігері тұрғындарды қабылдап, өтініш-тілектері тыңдады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкентте жүзеге асып келеді. Әдеттегідей аптаның әр бейсенбі күні Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Басқарма басшысымен кездесуде тұрғындар емдеу жұмыстары мен емханадағы заңсыз тіркелуге қатысты мәселелерін ортаға салды.
Қабылдауға келген азаматшаның бірі қаладағы жекеменшік мекеменің заңсыз тіркеу мәселесін ортаға салып, шешіп беруін сұранды. Аталған проблемаға қатысты басқарма басшысы заң шеңбері бойынша тиісті мамандарға шешу жолын тапсырып, қажетті көмек көрсетуге тапсырма берді.
Сондай-ақ басқарма басшысымен кездесу барысында пациенттер жекеменшік емханалардағы медициналық көмекке шағымданды. Тұрғынның шағымын тыңдаған басқарма басшысы бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешуді сала мамандарына тапсырып, істің соңына дейін жетуін өзі қадағалауға алатынын айтты.
Айта кетейік, қаланың бас дәрігері Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлының жеке қабылдауына жазылу үшін Республика даңғылы 12А мекен жайындағы денсаулық сақтау басқармасының кеңсе бөліміне (611 кабинет) немесе 56-23-11 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек “Самал-3” шағын ауданында орналасқан №6 емханаға арнайы барып, қызмет көрсету сапасын көріп шықты. Аталған емханада 38 ЖТД және 8 акушерлік-гинекологиялық аймақтарға бөлінген. Мұнда 24 мамандық бойынша мамандандырылған дәрігерлер қызмет көрсетеді. Бұған қоса 4-санатты 2 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде. 55 төсектік күндізгі стационар бар.