«AZALA COTTON» ӨНДІРІС ОРНЫ ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСПАҚ

108
0

Шымкенттегі «Azala Cotton» фабрикасының іске қосылғалы тұрған жаңа жобасының өндірістік қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттік «Azala Cotton» фабрикасында 200 жаңа жұмыс орны ашылады. «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан мақта иірімін шығаратын елдегі бірегей фабрика қазіргі таңда аралас иірім жіп шығаратын жобаның II кезеңін іске асыруда. Бұл жаңа өндірістік желіні іске қосу, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Жобаның II кезеңінің жалпы инвестиция құны 1 960 млн теңге, өндірістік қуаттылығы жылына – 2,5 мың тонна. Бұл жұмыстар 2019 жылдың соңында басталып, 2020 жылы компания «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 578 млн теңге көлемінде қаржы алды.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, өндірістік ғимарат салынып, ішкі бөлігін безендіру және жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.
Айта кетейік, зауыттағы инвестицияның жалпы көлемі 7,07 млрд.теңге. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна мақта-мата иірімжібін шығарады. Компания өнімінің 90 пайызы Ресей және Қытайға экспортталады.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем  индексі 8,1 пайызға артты.