ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ — МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ УАҚЫТЫН ҮНЕМДЕЙДІ

102
0

Шымкенттіктер әлеуметтік қызметтер порталының шарапатын көріп отыр, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте өткен жылдан бастап әлеуметтік қызметтер портал іске қосылған болатын. Әлеуметтік қызмет порталы мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз етеді. Мысалы, протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді көздейді. Оған қосымша арнаулы әлеуметтік қызметтер бар.
Арнаулы қызметке жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметі кіреді. Порталдың жұмыс бастауына басты себеп – уақыт үнемдеу. Өйткені бұдан бұрын мүгедектігі бар тұлғалар оңалту құралдарын мемлекеттік тапсырыс бойынша алатын. Оны алу мен кезекке тұруға айлап уақыт жоғалтуға тура келетін. Қазір күту мерзімі бір-екі аптаға созылса, оңалту құралдарын өз бетімен таңдауға да мүмкіндік туған. Бастысы бәрін «бір терезе» қағидасы арқылы басқаруға болады.
Ағымдағы жылдың 11 айында 55 құралдар түрі мен 3 қызмет түрі бойынша мүгедектігі бар азаматтар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруде. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға 28 553 оңалту құралдарымен қызмет түрі көрсетілген.
Айта кетеу керек, биыл протездік-ортопедиялық құралмен 3 100 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылса, 12 411  сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтылған. Мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 953 адам қол жеткізсе, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 141 азаматқа қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, шипажай орындарына емделу үшін 3 102 жолдама берілсе, мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 28 көлікке   18 387 қызмет көрсетілді. Ал Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 58 автокөлікке 15 428 қызмет көрсетілген.
Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар саны — 38 880 Оның ішінде І топтағы азаматтар саны- 3 691, ІІ топтағы-15 212, ІІІ топтағы -12 739 адам. Ал, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -7 238.