КЕМШІЛІКТЕР ДЕР КЕЗІНДЕ ЖОЙЫЛУДА

66
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жүзеге асқан жұмыстардың жай-жапсарын тексеріп келеді. Орын алған олқылықтар болса, шұғыл түрде тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, шешілуіне мұрындық болып келе жатқаны да белгілі. Бүгінгі материалымызда сондай жүзеге асқан жұмыстың жайын тарқата жазуды жөн санап отырмыз.

Жуырда Тұранда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты қала басшысы Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған арнайы топ 151 пәтерде кемшіліктер анықтаған болатын. Қала әкімі әкімі де тұрандықтармен кездесіп, тапсырмалардың орындалу барысын көрді. Оң нәтижелерге тұрғындар ризашылығын білдірді. «Мәселелер шешімін табуда. Сабырлы болыңыздар. Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары өз кезегімен жүргізіледі» деп нақтылап өтті шаһар басшысы. Кездесуден кейін әкім инфрақұрылым, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары мен жылыту қазандықтарын тексерді. Қазіргі таңда Тұран шағынауданында 2020 жылдан бері 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Алдағы уақытта 27 үй «5-10-20» Шаңырақ бағдарламасымен, 34 үй «Отбасы Банк» АҚ арқылы, 16 үй арендалық бағытпен берілетін болады. Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталықтағы Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады. №1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдар-100 пайызға, ішкі әрлеу-95 пайызға, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ)-95 пайызға, лифт-99 пайызға, дәліз периласы-90 пайызға, балкон есіктері мен терезелері-80 пайызға, қасбет-90 пайызға жұмыстары аяқталған. Ал №4 үйдің темірбетон бұйымдар-90 пайызға, ішкі әрлеу-85 пайызға, линолеум-70 пайызға, түсқағаз-75пайызға, кафель-75 пайызға, инженерлік жүйе -85 пайызға, лифт-90 пайызға, дәліз периласы-5 пайызға, балкон есіктері мен терезелері-60 пайызға, қасбет-80 пайызға жұмыстар жалғасуда. Жалпы қаладағы құрылыс сапасы қалалық әкімдіктің тікелей бақылауында екенін айта кету керек.