ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ 46,6 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Шымкент қаласында 2023 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті.
2023 жылдың есептік кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылы 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ды құрады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылы 19,9 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын. Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға қолдау көрсетілді. «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңестер «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде. Айта кету керек, «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. 2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді. Мұның өзі кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау болуда. Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады