ҚАУІП ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҒЫН ЖАҒУДАН БОЛДЫ
Ағымдағы жылдың 2-қазанында Түркістан қаласындағы Мәдениет көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды.
Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші патрульіне сағат 16:51-де түседі. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 17:07-де жетеді. Оқиға жалпы көлемі 15х15 метрді құрайтын құрылысы толық бітпеген үйде болған. Үйдің ішінде ауданы 4 шаршы метр болатын қоқыс жанған. Сонымен қатар бірінші жаппасының 4 шаршы метр ағаш қаңқалары өртенген. Құтқарушылар АЦ-5-40 (43253)-011 және АЦ-8,0-70(43118)-013 өрт сөндіру автокөліктерімен жеткенге дейін азаматтар өз бетінше өртті сөндірген.
Оқиғаға байланысты құтқарушылар азаматтарға қоқыс қалдықтарын жағу қауіпті жағдайларға апаратынын ескертеді.