ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

95
0

Үшінші мегаполиске қарасты Қаратау ауданының Сайрам тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті. Кездесуге жергілікті этнос өкілдері мен ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы Ж.Әлжанова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты.

Кездесу барысында аталмыш азаматтардан бөлек, абыройлы ақсақалдар мен белсенді азаматтар сөз сөйлеп, пікірлерін айтты. Берекелі бірлікті бекемдеуді көздеген ашық диалог алаңына осы аумақтағы мектептердің жоғары сыныбында оқитын оқушылар да арнайы шақырылды. Кездесуде өскелең ұрпақ — жас буынға дұрыс тәрбие беру, қоғам мүшелерін ұлтына, тіліне, дініне қарап, кемсітпеу мәселелері байсалды түсіндірілді. Жиында сондай-ақ, Сайрам тұрғын алабында қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сынды бірқатар жайттар сөз болды. Айта кету керек, елімізде этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлу күн тәртібінен түскен емес. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпті көрген, аға буын өкілдері қатысқан түрлі басқосулар болып тұрады. Сондай кезекті басқосу Шымкент қаласы аумағындағы «Маятас» тұрғын алабында жергілікті ақсақалдармен, белсенді тұрғындармен болды. Кездесуге Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты. Жиында аталған аумақта қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сияқты мәселелер жан-жақты сөз болды. Басқосуға жиналғандар бірауыздан барлық қазақстандық межеленген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлікті сақтау керектігін сөз етті. Сондай-ақ, Жолдауды іске асыруда қоғамдық келі¬сім мен жалпыұлттық бірліктің, азамат¬тардың әл-ауқатын арттырудың және отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болатынына сенімді екендіктерін айтты.