ТҰТЫНУШЫЛАРДАН КЕЛІП ТҮСКЕН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

94
0

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 8 айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне тұтынушылардан 1205 шағым түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 245%-ға артық. Яғни, халықтың тұтынушы ретінде сауаттылығы артып келеді. Ал саладағы ақпараттандыру ісі алдағы уақытта да қарқынды жалғаспақ.

Жалпы келіп түскен жалпы 1205 өтінішті салалар бойынша қарағанда, бөлшек сауда – 438, электрондық коммерция – 136, көлік қызметі – 134, қоғамдық тамақтандыру – 101, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 87, тұрмыстық қызмет көрсету – 74, байланыс қызметтері – 68, медициналық қызметтер – 50, туристік қызмет көрсету – 47, қаржылық қызметтер – 41, білім беру қызметтері – 27 және жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін шағымдар – 2. Бүгінде Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, өтініштерді қарау сапасын арттыру және талап-арыз жұмыстарын жүргізу арқылы тиімділікті арттыруда. Ағымдағы жылдың 8 айында Департамент 10 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 90% құрады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 336,9 мың теңге айыппұл түрінде 4 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен, сондай-ақ 6 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылып –ескерту берілген. Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігінің Цифрландыру департаментімен бірлесіп «Е-Тұтынушы» ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы техникалық қателерді жою және әзірлеушілердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жақсарту мақсатында келесідей жұмыстар жүргізілді. Мәліметтерді ескі платформадан жаңа платформасына толық көшіру (пайдаланушылар, өтініштер), сотқа дейінгі реттеу мақсатында жеке кәсіпкерлерге өтініштер жіберуге жаңашылдық енгізілді, Тұтынушыны тіркеу кезінде биометрикалық тексеру ыңғайсыздыққа байланысты алынып тасталды, Бизнес өкілдеріне қосымша жүйеде еркін тіркелуге мүмкіндік беретін Бірыңғай QR кодымен (ұйымның БСН бизнестің жеке аккаунттан қосылған) өтінімдерді үздіксіз беру мәселесі анықталуда.