АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

95
0
Шымкентте билік пен халық арасында ашық диалог орнаған, деп хабарлайды Uakit.kz.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді. Билік пен халық арасында ашық диалогтың болуы, емін-еркін пікір алмасуы, елдің жағдайын жақсартады, деген болатын мемлекет басышысы.
Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық пен әкімдіктің арасында кері байланысты жақсарту үшін Әл-Фараби ауданында ай сайын тұрғындармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бүгін кезекті кездесу 3 және 4 сектор атап айтқанда, Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері тұрғындарымен өтті. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев аталған секторларда атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап өтті.
– Мұнда инфрақұрылым мәселесі толық шешімін тапқан, электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесі 95 пайызды құрайды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 балалар ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,-деді аудан әкімі.
Ағымдағы жылы 4 көшеге асфальт төселді.
Жүздесуде тұрғындар Рашид Мамытұлына Қонаев жолайрығының құрылысы, кәріз жүйесі, көшені жарықтандыру, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.
Айта кету керек, аудан әкімі бүгінде ауданға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерге жиі барып, атқарылып жатқан жұмыстар жайын тұрғындарға баяндайды. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындармен жүздесіп, қордаланған мәселелерін тыңдап, қажет шараларды көру бойынша бірқатар жұмыстарды атқаруда. Сонымен қатар аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, жеке мәселемен келген азаматтарды тыңдап, айтылған ұсыныс-пікірлерді тиісті деңгейде жүзеге асыруда. Ал шешілу кезеңі ұзақ мерзімді қамтитын мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.