ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН МАЙЫСТЫРМА
Сіз білесіз бе?
Үй ішін барлық қажетсіз заттардан арылту – тілсіз жаудан қорғану әрекеті болып табылады.
Өртті боддырмау және оны алдын алуда үй іші және балкондағы ескі заттарды іріктеп, барлық қажет емес заттардан (ескі бояулар мен лактардан, тез тұтанатын материалдардан, кілемдерден, бос қораптардан) арылудың пайдасы болмаса, зияны жоқ.
Егер пайдаланбайтын электр құралдары болса, оларды тоқтан ажыратып қауіпсіз жерге алып тастау қажет. Ал кабельдерді майыспайтындай және кедергі жасамайтындай етіп жинаған жөн. Өйткені, қатты немесе жиі майыстырылған электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт қаупін тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда кабель жарқылдай ұшқындай бастайды. Бұл электр сымының еруіне және өртенуіне әкеліп соғады.
Сондай-ақ, сымдарды күн сәулесінің тікелей әсерінен қорғау керек және ауа температурасының жиі өзгерісіне ұшырамауын ұмытпау керек.