М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

100
0

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Астана қаласындағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона мырзамен кездесті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыра отырып, экономикалық қарым-қатынасты нығайту, шаһарға инвестициялық жобаларды тарту және әрбір жобаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайлы айтылды.
Шаһар басшысы даму жолындағы Шымкент қаласының мегаполис мәртебесін алғанына бес жылға жуықтап қалғанын тілге тиек етіп, осы уақыт ішінде инвестиция тарту көрсеткіші айтарлықтай өскенін, инвестициялық әлеует пен мүмкіндіктердің молайғанын атап өтті.
-Қазақстан Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың құрылғанына 30 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында сауда-саттық, экономика салаларында әріптестік жобалар мен екі жақты келісімдер жасалды. Ширек ғасырдан астам әріптестік аясында жасалған жобалардың екі елге де септігі тиіп, іскерлік қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны баршаға аян. Осындай келелі игі істерді жүзеге асыруда Шымкент қаласының да үлесі болуы заңдылық әрі үлкен мәртебе,-деді қала басшысы.
Айта кету керек, жалпы бүгінгі таңға дейін қалаға 327,9 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артты. 2022-2026 жылдарға арналған жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 283 жобаның пулы жасақталған. Ағымдағы жылы 173,1 млрд.теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 283 жобаның 66-сы өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылуда. Осы жобаларды іске асыру үшін 622 млрд. теңгенің инвестициясы тартылатын болады. 2022 жылы жалпы сомасы 51 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 13 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде 29,2 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылды, 500-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды.