ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС КӨП

99
0

Шымкентте жүрекке 402 операция, бүйрекке 12 операция , бауырға 5 операция жасалды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты медицина мекемелері 2022 жылға 5227 маманды  оқытуды жоспарға енгізіп, 9 айдың қорытындысымен жергілікті бюджеттен 825 маман, мекемелердің  есебінен 4021 маман (дәрігер-502, орта буын-3342, басқа-177) біліктілігін арттырды.
Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 12 мемлекеттік емхана  және 31 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады. Бекітілген халық тіркелімі порталында 12 мемлекеттік емханаға 567,7 мың халық тіркелсе, 31 жекеменшік емханаға 565 мың азамат тіркелген. 2022 жылы жаңа 4 медициналық ұйымдар («№14 Емдеу орталығы» ЖШС, «Дария-Медикус» ЖШС, «Sabi Med» ЖШС, «Turlan Medical» ЖШС) ашылып, 50 мың халыққа (Құрсай, Қазығұрт, Бадам – 1, Бадам – 2, Шанырақ, Абдуллабад, Турдабад, Тұрлан мөлтек аудандар) қызмет көрсетуді бастады.
Стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жекеменшік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде. Қалада 376 жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетілуде. Жүрекке 402 операция (2021 жылы — 296), бүйрекке 12 операция (2021 жылы — 10), бауырға 5 операция (2021 жылы — 2) жасалды. 2022 жылда №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей ота жасалды, 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.
Онкологиялық орталықтың базасында ПЭТ сәулелік терапия орталығының қызметі ашылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жыл басынан 1 млрд. теңгеге 7 медициналық құрал сатып алынды. 2 денсаулық сақтау ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (№1 қалалық емхана (балалар бөлімшесі), №2 оңалту орталығы (негізгі ғимарат).
Ана мен бала өлімін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер ағынын тиімді бөлу мақсатында перинаталдық көмекті аймақтандыру жүйесі қайта қаралды. Практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету бойынша мамандардың жұмыс тобы құрылды (Босандыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында). Қала емханаларында отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2021 жылғы 21-ден 2022 жылы 41-ға дейін ұлғайтылды. Нәрестелер өлімін төмендету мақсатында Санкт-Петербург, Беларусь және Литваның жетекші мамандарын тарта отырып, 240 маман оқытылды.