ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

90
0

Үшінші мегаполистегі қоғамдық көліктеріне 2021 жылы «TOLEM» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілген болатын. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау мақсатында жүзеге асырылған.

Қазірде қоғамдық көліктерге 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылған.  Осыған байланысты «TOLEM» көлік карталары саудаға шығарылып, бүгінде оның саны 500 мыңнан асып отыр. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы. Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша арнайы екі офис жұмыс істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді. Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы да іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асып отыр. Сонымен қатар, жолаушыларға қоғамдық көлік жол ақысын төлеу бойынша бірқатар мүмкіндіктер де қарастырылған. Егер де «TOLEM» электронды жол жүру картасы болмаған жағдайда СМС немесе Kaspi QR мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар. Соңғы уақытта Шымкент қаласында қоғамдық көліктерге қойылатын талап күшейіп келеді, мұның өзі сапаға айрықша әсер етеді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласында жаңа фронт-офисі тұтынушыларға өз қызметін көрсетеді. Енді кез-келген «TOLEM» көлік карталарына байланысты арыз-шағым өтініштеріңіз болса, Әл-Фараби алаңы 9, мекен-жайы бойынша хабарласа аласыздар. Бұл офисте «оқушы картасы, студент картасы» тапсырыс беріп, дайын болғанда алып кетуге болады. Фронт-офис тұтынушыларға демалыссыз қызмет көрсетеді.