ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР АРТУДА
«NURTAU Distribution Company» ЖШС компаниясы 2016 жылы құрылып, басында дистрибьюторлық қызметпен: импорттық жуу құралдары мен жеке гигиена заттарын сатумен айналысты. Сондай-ақ, Компания Шымкенттегі сағыздың жалғыз жеткізушісі болды.
Осы нарықта 2 жыл жұмыс жасап, қажетті байланыс арналары орнатылып, өнімді сату бойынша жинақталған тәжірибесі, өз кезегінде Компания басшыларын тек сату емес, өздері өнім өндіре алатынына және оған дайын екенін сенім берді.
2019 жылы «NURTAU Distribution Company» ЖШС «Сұлы үлпегі бар шоколад кәмпиттерін, печенье және сағыз өндіретін кондитерлік фабрикасы құру» жобасын жүзеге асыра бастады. Жобаны екінші деңгейлі банк — «АТФБанк» АҚ 15%-бен қаржыландыруды мақұлдады және де мемлекеттік қолдау арқылы оның 9%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялады.
Компанияның кондитерлік фабрикасын құру жобасы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде барлық инфрақұрылымы тартылған «Тассай» индустриялық аймағының аумағында 2020 жылы іске қосылды.
Кәсіпорында кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша 8 желі, сағыз өндіру бойынша 2 желісі бар. Кәсіпорынның өндірістік қуаты сағатына 300-400 кг шоколад печеньесін, 400-ден 500 кг-ға дейін сағыз өндіре алады.
Бүгінгі таңда заманауи жабдықтар орнатылған фабрикада «MEXXI» және «DIAMOND» сауда маркасымен кондитерлік өнімдер және сағыздың 4 түрі шығарылады. Компания жаңа өнім түрлерін шығарумен, өнім ассортиментін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Қазақстан аумағында осы кондитерлік өнімдерге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Бұл қазіргі күрделі геосаяси жағдайда отандық импорталмастырушы өнім көлемдерінің ұлғаюының маңызды екенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, «Nurtau Distribution Company ЖШС Қазақстан бойынша 40 мыңнан астам сауда нүктелері бар. Компания Өзбекстан, Ресей зауыттарымен бірлесіп жұмыс істейді және олардың ҚР аумағындағы ресми өкілі болып табылады.