БАСТЫ МАҚСАТ — САПАЛЫ ӨНІМ

126
0

«Билал» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылды және қазіргі кезде бай тарихы, мінсіз беделі, көптеген уақыттан бері серіктестіктерімен  тығыз қарым-қатынас орнатқан компания.
Соңғы бірнеше жылда ол гигиена құралдарының аз көлемін өндіруден және қызметтердің шағын түрлерін ұсынудан онша көп пайда таппады, басты себебі компанияда аз тапсырыс  болуы / қызметтерді аз көлемде көрсетілуінде. Көрсетілген өнімдер мен қызметтердің аз көлемі бизнесті жоғары рентабельді ете алмады.
Бүгінгі таңда компания жұмсақ лосьоны бар әмбебап ылғалды майлықтар шығарумен айналысады және оны «Luna Fresh» сауда таңбасымен сатылады.
«Luna Fresh» ылғалды майлықтары теріні керемет тазартады және сергітеді, бұл қолдың, бет пен дененің терісіне күнделікті күтім жасау үшін өте қолайлы. Қолда сабын мен су болмаған кезде жолда және табиғатта таптырмас нәрсе.
Майлықтар антибактериалды лосьонмен сіңдірілген жұмсақ сырғымайтын материалдан жасалған. Әрине, ыңғайлы пакет көп орын алмайды. Компания бір рет қолданылатын майлықтарды: 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын пакеттерді шығарады.
Дайын тауарларды сатудың басты артықшылығы оның төмен құны және оны құрайтын компоненттердің болуы. Сондықтан бұл материалдың бағасы басқа өндірушілерге қарағанда төмен. Дайын өнімдер дәріханаларда, емханаларда және қарапайым дүкендерде сатылады.
— «Қазіргі уақытта компанияда мейірімді, ынтымағы жарасқан команда жұмыс істейді, олардың саны 30-дан асады, олардың әрқайсысы біздің компанияның дамуы үшін барын салады. Біз барлық келіп жатқан өнімдердің сапасын үнемі бақылап отырамыз және клиенттерімізге жоғары сапаға 100% кепілдік береміз», — дейді компания басшысы Гаджи Гаджиев.
«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2021 жылы «KZI BANK» ЕБ АҚ-нан айналым қаражатын толықтыруға және жабдықты сатып алуға жылдық 14%-бен қаражат алды, оның 8% -ын «Даму» қоры субсидиялайды, сонымен қатаржеткіліксіз кепілзаттың бір бөлігін Қор өзінің кепілдігін ұсынды.
Бүгінгі күні компания дизайн стилі/басқа қосымша элементтердің одан әрі өндірісін игеруді жоспарлап отыр. «Билал» ӨК-нің маңызды мақсаттарының бірі — бұл Орталық Азиядағы өнімдер нарығын жаулап алу және Қазақстанның ең жақсы және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының бірі болуға ниет білдіруде.