ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

86
0

Үшінші мегаполистегі «Айна» базарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары өртті сөндіру және адамдарды құтқару тәсілдерін пысықтайтын оқу-жаттығу өткізді. Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да, бұған бей-жай қарауға болмайды.

Осы мақсатта құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысы мен қимыл-әрекеттері сараланды. Тілсіз жау көбінде электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан орын алады. Осы бағытта оқу-жаттығу тактикасының  негіз басталды. Қызметтік күштер мен құралдары №2 шақыру бойынша оқиға орнына жөнелтілді. Осы жерде жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Ауа температурасы көтеріліп, қою түтін пайда болды, адамдардың өміріне қауіп тудырды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тез және кәсіби әрекет етуінің нәтижесінде өрт ошағы тез табылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккен 2 адам құтқарылып, апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылды. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 25 адам, офицерлік құрамнан 35 және 5 негізгі, 1 мақсатты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндіруші және құтқарушылардың бірігіп атқарған нақты іс-қимылдарының нәтижесінде өрт ошағы тез арада оқшауланып, жарты сағатқа жетпей толық сөндірілді. Шара барысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің негізгі және арнайы өрт сөндіру техникаларының, офицерлік және жеке құрам қызметтерінің дайындығы тексеріліп, өзара әрекет ету тәртібі бағаланады. Айта кету керек, Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына сапаны қадағалай отырып, ғимараттың мерзімінен кешіктірілмей берілуін тапсырды. Құрылыс жұмыстары биыл басталған болатын.