ТАБИҒИ ГАЗ ДҰРЫС ҚОЛДАНҒАНДА ҒАНА ҚАУІПСІЗ БОЛАДЫ
Табиғи газ – өркениеттің игілігі. Оған қол жеткізуді Түркістан қаласы тұрғындары көп жылдар күтті. 2019 жылдан бастап қалада газдандыру жұмысы жандана түсті. Айналасы 3-4 жылдың ішінде қала 100 пайыз табиғи газға көшті. Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала тұрғындарына көгілдір отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Десек те тұрғындар да алаулаған көгілдір отынды қауіпсіз пайдаланудың ережесін сақтағаны аса маңызды. Бұл түрлі оқыс оқиғалар, техногенді апаттардың пайда болмауының басты кепілі.
Осы ретте табиғи газ әрдайым жайлылық пен жылулықтың көзі болсын десек оны қолдануда тұрғындардың бойында ұқып пен жауапкершіліктің болуын сұранамыз. Оны қолдану кезінде түрлі техногенді апаттарды тудырып, қайғылы жағдайға тап болмас үшін газ жабдықтарын мақсатты пайдалануды үрдіске айналдыру керек.
Газ жабдықтарын қалай дұрыс пайдалану керек?
Бұл ретте uakit.kz газ құрылғыларын дұрыс пайдаланудың бес қағидасын назарларыңызға ұсынады.
– Тек жұмыс істейтін газ жабдықтарын пайдалану қажет. Жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса — бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді. Мұндай жағдайда құрылғыны қолдануды тоқтатып, газ мамандарын шақыруыңыз керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз және жалынға сұйықтықтар құйылуын немесе желдетуіне жол бермеңіз. Кішкентай балаларға, өздерінің іс-әрекеттерін бақыламайтын тұлғаларға газ жабдықтарын пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Есіңізде болсын!
Газдың жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Егер газ беру кенеттен тоқтап қалса, газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне 104 телефоны арқылы хабарласыңыз.
– Не үшін тартымды тексеру қажет?
Түтіннің және желдету түтіктерінде тартымның болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін. Газ су жылытқыштарын және жану өнімдерін мұржаларға шығаратын басқа құрылғыларды әр қолданар алдында, мұржада тартымның болуын тексеру қажет.Түтін және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге болмайды. Желдету каналдарын желімдеуге болмайды, газбен қолданылатын жабдықтардың түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға болмайды, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштардан түтін шығаратын құбырларда қосымша шиберлерді өз бетімен орнатуға болмайды. Жеке тұрғын үйлердің иелері қыста мұздату мен бітелудің алдын алу үшін мұржалардың ұштарын, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.
Тартым болмаған кезде газ құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
– Күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, сонымен бірге пайдаланылатын газ жабдықтарының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады. Қайғылы жағдайдың болмауы үшін пәтер ішілік және үй ішілік газ жабдықтарына мезгіл-мезгіл техникалық қызмет көрсету қажет. Ол үшін газ құрылғыларының әр иесі мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсету туралы келісім шарт жасауы керек.
– Табиғи газдың иісі пайда болғанда газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Құрылғылардағы және құрылғылардың алдындағы шүмектерді жабыңыз. Бөлмені желдету үшін терезенің жел көздері мен терезелерді ашыңыз. Ашық отты жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын қолданбаңыз.
Апаттық қызметіне «04» немесе «104» телефондары арқылы (ұялы байланыс құрылғылары үшін) газдалмаған бөлмеден қоңырау шалып, шақырыңыз.