ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

97
0

Шымкентте білім сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамытып және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
2022 жылдың 9 айының қорытындысымен қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 71 540 бала қамтылған. Оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығындағы – 100%, 1-6 жас аралығындағы  баланың – 88%-ы қамтылған.
Ал, 2022-2023 оқу жылында 235 мектепте 247 667 оқушы білім алуда. Оның 151-і (215 577 бала) мемлекеттік, 84-і (32 090 бала) жекеменшік мектеп. 2022 жылы 1-сыныпқа 28 002 бала қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік мектепке — 22 484, жекеменшік мектепке — 4 085 бала қабылданған (мектеп бітіргендер саны — 11 189).
Сондай-ақ, қосымша біліммен қамту бойынша бүгінгі таңда қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары, 17 аула клубтары және мектепішілік түрлі үйірмелер жұмыс жасауда. Онда қаладағы оқушылардың 76% (179 343 оқушы) қамтылған. Сонымен қатар, бюджеттен жеке білім беру ұйымдарына балаларға қосымша білім беруге 7 бағыт бойынша өркем, ғылыми-техникалық, көркемдік және эстетикалық, туристік-өлкетану және экологиялық, музыкалық-аспаптық, әлеуметтік педагогикалық, дене шынықтыру-спорттық) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру негізінде 3000 балаға 86 млн. теңге қаралды (2 айға).
Айта кету керек, білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылып, ғимараттардың кіреберістері 100% турникетпен қамтылған. Және мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің  Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен  100% келісім-шарт түзілген.
2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 млн.тг. қаржы қаралып, жалпы 372 кабинет (12-химия, 26-физика, 10-биология, 10-STEM, 49-АӘД, 121-медиация, 122-логопед, 22-робототехника) кабинеттерін және 610 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнатылды.