ШЫМКЕНТТЕ ІШКІ ОРАМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте толассыз жауған қарды тиісті сала қызметкерлері тазалау жұмыстарына қарқынды кірісті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қыс мезгілінің алғашқы айында қардың қалың түсуі салдарынан аяқ жолдар қар құрсауында қалып, автокөліктердің қозғалысына да кедергі келтіруде. Осы ретте, Шымкент қаласына қарасты аудандар қар тазалау жұмыстарына кірісіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осындай жұмыстардың біріне  Әл-Фараби ауданына қарасты ішкі орам және орталық көшелерін қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 33 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 11 дана, Трактор 82,1 – 7 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 185-ке жуық адам жұмылдырылды. Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Қазіргі таңда аудан көлемінде 375 м3 инертті зат себілді. Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында
Дәл осындай жұмыстар Абай ауданы аумағында да жүргізілуде. Ол жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды. Аталған техникалар тәулік бойынша жұмыстар атқаратын болады.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданында да  қардан тазалау жұмыстары қызу жүргізілуде. Тазалау жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 31 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхозка — 2 дана ,Погрузчик – 1 дана, жалпы саны 230 жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 3 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5004 куб инертті материал бар.
Тазалық жұмыстарына 315 м3 инертті зат себілді. Аудан әкімдігі мен жауапты мердігер мекемелер қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары жалғасуда және жағдай толық бақылауда.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалық жұмыстарына «Жасыл жер» ЖШС 26 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 7 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 15 дана, Трактор 82,1 – 2 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз сельхозка – 3 дана, жалпы саны 320-ға жуық адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда аудан көлемінде 410 м3 инертті зат себілді. Жағдай толық аудан әкімі аппараты мамандары мен мердігер мекеме қызметкерлерінің толық бақылауында