ТУРИСТЕРДІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТҚАН

65
0

Шымкентте қаласына қызығушылық танытып, келген туристердің саны ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында  216,2 мың адамды құрап, 36,7%-ға өскен, деп хабарлайды Uakit.kz.

Республика бойынша қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 орында. Бүгінгі күні Шымкент қаласында 148 орналастыру орны, 10 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы, 5 діни нысан, 18 аквапарк  және 4 табиғи су көзі орналасқан. Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді. Шымкент қаласының туристік орындары және қала маңындағы туристік орындарға жалпы саны – 78 экскурсия ұйымдастырылып,
3 мыңнан астам адам қатысты. 2022 жыл – Балалар жылына орай экскурсиялардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдерге ұйымдастырылды. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе Қазақстан бойынша «Neo Nomad» гранд-турлары әзірленді. Аталған гранд-турға Шымкент қаласынан «Шым қала» тарихи-мәдени кешені енгізілді.

Бұдан басқа «Сайрам тұрғын алабында» туристік ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында, 4 тарихи-мәдени және республикалық маңызы бар сакралды нысандарда стенд-карталар орналастырылды. Қалаға шет елдік туристердің ең көп келетін мерзімі – Наурыз мерекесі қарсаңы. Осыған орай, шет мемлекеттерде «Наурыз – Шымкенттен басталады» ұғымын қалыптастырып, «Ұлыстың Ұлы күні — Наурызды» Шымкент қаласында мерекелеуді дәстүрге айналдыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Осы ретте, «Наурыз» және «Қала күні» мерекелеріне орай Шымкенттің гастрономиялық туризм орталығы ретінде имиджін қалыптастыру мақсатында «Damdastour» және «Balmuzdaq Fest» фестивальдері өтті. Аталған шараларға барлығы 60 жуық қоғамдық тамақтану орындары қатысып, 30 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қамтылды.