МОНШАДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы – қоғам қауіпсіздігі. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы «Жылы су» моншасында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы тексерілді. Тексеруді Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары жүргізді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған монша әкімшілігіне төмендегідей өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын ескертті.
– Моншаны жобалау және салу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән берген жөн. Яғни моншаның пешін салу және пайдалану ерекшелітерін ескеру қажет.
– Моншаның ағаш яғни жанғыш конструкциялары пештің және түтін шығару жолдарының қызған тұстарынан елеулі арақашықтықта болуын қадағалаңыз. Осы аралықты жабу үшін арнайы асбест және тағы басқа материалдарды пайдаланған жөн.
– Металл пештерді екі қатар кірпіштен құралған негіздің үстіне орнату қажет. Кірпіштің астына балшықпен көмкерілген киіз орналастыру керек.
– Пештің алдындағы еденді құлаған шоқтан қорғау үшін есіктің алдында металл қорғаныш ·Пештің есігі мен қарама қарсы қабырғаның ара-қашықтығы кем дегенде 150 см болуы шарт. Есіктің маңындағы қабырғаны штукатуркамен сылап, болат материалмен қаптау қажет.
– Пештер мен түтін жолдарын үнемі қадағалап, пайда болған тесіктерді сылап отыру қажет. Түтін жолдары мен мұржаларын жиналған ыстан тазартып отыру қажет.
Түсіндіру жұмыстары кезінде монша әкімшілігін өрт кезінде 101 немесе 112 телефон нөміріне қоғырау шалып, құтқарушыларды шақыруды ескертті.
Айта кетейік Түркістан қаласында 30-дан аса монша бар.