МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР МАҒЫНАСЫЗ ШЫҒЫН ӘКЕЛМЕС ҮШІН…
Мерекелік іс-шараларды өткізу орындарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келесідей тәртіптері бар.
Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:
— кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;
— жаңа жылдық шыршалар тұрақты негізде орнатылады, олармен үй-жайдан шығатын жолдарды үйемелеуге жол берілмейді;
— шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта орналасады;
— үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда шырша жанындағы мерекелік іс-шаралар тәуліктің жарық уақытында ғана өткізіледі;
— иллюминация ЭҚОЕ талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендеткіш трансформаторсыз электр жарықтандыру желісін пайдалану кезінде шыршада кернеуі 12 Вольтқа дейінгі шамдарды тізбектей қосу арқылы ғана гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ватт;
— иллюминацияда ақау табылған кезде (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындау) ол дереу токтан ажыратылады;
— іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлардың терезелерінде торлар болған кезде оларды өткізуге, доғалы прожекторларды, шырақтарды және шартылдақтарды қолдануға, отшашулар, өртке әкелуі мүмкін жарықтық өрт қауіпті әсерлер жасауға, отпен жүргізілетін, бояу, жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, үй-жайларды қараңғылау үшін терезелердегі жапқыштарды пайдалануға, қатарлар арасындағы өту жолдарының енін қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар орнатуға жол берілмейді,
Қойылым кезінде үй-жайдағы жарықты толық өшіруге, үй-жайларды жобалау құжаттамасында белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға жол берілмейді.
Ашық от көзін қолдана отырып басқарылмайтын ұшатын фонарьларды пайдалануға және іске қосуға жол берілмейді.