ПОЛИГОНДАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘРТІБІ
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондарға қызмет көрсету және тұтануды алдын ала қайтару үшін ұйымдардың басшылары тұрақты негізде қажетті арнайы техниканың (бульдозер, өзіаударғыш, экскаватор, тиегіш, суару-жуу машинасы, сутаратқыш, су айдауға арналған мотопомпалар) болуын қамтамасыз етеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигонның аумағы периметрі бойынша ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақпен жыртылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі полигондар аумағының өрт сөндіру мақсаттары үшін полигондар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың талап етілетін шығысына есептелген, сыйымдылығы жарамды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен жабдықталады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру, сақтау және зарарсыздандыру полигондарын (алаңдарын) толтыруды 10 000 шаршы метрден аспайтын алаңдарға сақтау учаскелерін бөле отырып, қатты тұрмыстық қалдықтар мен инертті жанбайтын материалдарды қабатпен кезектестіріп жүзеге асыру қажет. Учаскелер арасында ені кемінде 8 метр өртке қарсы бөліктер орындалады.