ТҰРҒЫНДАР ТОҢБАУ КЕРЕК

105
0

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жылуға жауапты сала басшыларына осындай талап қойып, тиісті міндеттерді жедел орындауды тапсыруда,-деп хабарлайды uakit.kz.

Жалпы Түркістан қаласына сағатына 80 мың текше метр табиғи газ келіп тұрған. Күн күрт суып, аяз болғаннан бастап жеке абоненттер мен мекемелердің газ тұтыну көлемі көбейгендіктен, газдың қысымы біршама төмендеді. Салдарынан көп абоненттердегі газ пештері жылуды жеткілікті мөлшерде бере алмауда.

Қалыптасқан жағдайға байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы өндірістік филиалы және Түркістан қаласы әкімдігі бірлесіп, газ қысымын ұлғайту туралы келісімге келіп, нәтижесінде тұрғындардың табиғи газға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында АГТС-15 – тен газ көлемі ұлғайтылды.