“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ АҒАШ ЕГІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы Түлкібас тауының баурайында жаңа дем алды. Мұндағы жиынның жөні бөлек – қазақ табиғатының жауһары, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген «Ақсу-Жабағылы» қорығына биыл тура 100 жыл!
Тарих пен болашақ тоғысқан сәт. Тікелей байланысқа Президенттің өзі шықты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен эко-волонтерлер өңірдің экологиялық есебін беріп қана қоймай, жазғы маусымның ашылғанын сүйіншіледі.
Сөзден іске көшкендердің қатары қалың. Тек бір күнде 17 мың гектар жер тазартылып, күл-қоқыстан арылды. «Мөлдір бұлақ» акциясының арқасында 70-тен астам өзен мен 150-ден астам бұлақтың көзі ашылды. Бұл – құрғақ есеп емес, табиғатқа деген шынайы жанашырлық.
Ақсу-Жабағылы – 1300-ден астам өсімдік пен сирек кездесетін аң-құстың киелі мекені. Ғасыр бойы көздің қарашығындай сақталған бұл аймақ енді «Таза Қазақстан» жобасымен жаңаша түрленбек.
Билік пен бұқара бірлескенде ғана табиғат тазармақ. Түркістандықтар бүгін соны дәлелдеді. 20 мың ағаш – бұл ертеңгі жасыл желек, таза ауа және ұрпаққа аманат. Түркістан облысы тазалық эстафетасын ары қарай жалғайды!



