ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ҚАНДАЙ?

«Түркістан қаласы Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі табиғи газды тұтыну үшін қандай құжаттардың болуы қажеттігін және ол құжаттардың рәсімделуі не үшін аса маңызды екенін назарларыңызға жеткізеді.

Бұл туралы uakit.kz «Түркістан қаласы Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мекеме табиғи газға қосылған әрбір абонент ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуге мамандандырылған (ВДГО) және ішкі түтін шығару жүйесін тексеретін (ВДС) мекемелермен келісім шарт түзуі керектігін алға тартады.  Бұл  ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы»  Заңында көсетілген міндеттің бірі болып табылады. ондай мекемемен келісім-шартқа отыру арқылы абоненттер газ жабдықтарын қауіпсіз қолдануға мүмкіндік алады. Қандай да бір ақаулық болса, оны дер кезінде анықтап, реттеуге септесін болады. Түркістан қаласында мұндай қызмет түрін көрсететін бірнеше мекеме бар. Олардың ішінде қандай мекемемен келісім шартқа тұруды тұрғындардың өздері таңдайды. Заң бойынша ондай мекемелермен келісім шарт түзілмесе газды пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, газды қауіпсіз пайдаланудың тағы бір кепілі техникалық құжаттың (ИТД) болуы болып табылады.

Бұл құжат– Газ жүйесінің жүргізілгені жөніндегі техникалық құжат болып табылады. ол құжатта кз келген үйдегі газ жүйесін жүргізудің сызбасы көрсетіледі. Алда қандай жағдай болатыны белгісіз. Мысалы жеке сектордағы үй бұзылуы мүмкін немесе өзгертілуі де ғажап емес. Сол кезде газ жабдығын алу, оның орнын ауыстыру жұмыстары техникалық құжаттағы сызбаға қарап жасалады.

«Түркістан қаласы Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері  үйлерді аралау кезінде газ жүйелері мен жабдықтарын техникалық құжаттағы сызбаға қарай салыстырады. Сол кезде газ жабдықтарының орналасу реті  техникалық құжаттағы сызбамен сәйкес келмесе, бұл абоненттің қауіпсіздік алаңын сақтамағаны болып есептеледі. Мұндай жағдайда газды пайдалану тоқтатылады.