КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

105
0
Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланған.
Осыған байланысты 2022 жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге дейін 2 магистралды кәріз коллекторының (Арғынбеков кол, Тұран ішкі магистрал), 1 кәріз сорғы станциясы (Достық КНС) және Самал-3, Солтүстік шығыс, Солтүстік батыс, Жұлдыз елдімекендері мен Айша бибі және Хлопзавод-Шолохов көшелеріне кәріз құбырын тарту құрылысы аяқталды.
Жыл қорытындысымен, 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады.
Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған.