ҚҰРҒАҚ ШӨПТЕРДІҢ ЖАНУЫ ЖИІ ТІРКЕЛЕДІ
Құрғақ шөптердің жануы қоршаған ортаға айрықша зиянын тигізеді. Түркістан қаласында құрғақ шөптер мен күл-қоқыстардың жану оқиғасы жиі тіркеледі.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған деректерге сүйене отырып мәлімдейді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы бойында құрғақ шөп жанады. Осы жөнінде хабарлама қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне келіп түседі. Осыған орай өрт сөндіру депосының құтқарушылары өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына 6 минутта жеткен кезде тас жол бойындағы 40 шаршы метр құрғақ шөп жанып, екі ағаш бықсығанын анықтайды. Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.
Бір күннен соң, дәлірегі 15 шілдеде түнгі сағат 02:49-да №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дәл осы Қызылорда тас жолы бойында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына өрт сөндірушілер түнгі 03:00-де жетеді. Өрт сөндірушілер тас жол бойында ауданы 80 шаршы метрдегі құрғақ шөптің бықсып жанғанын, оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін анықтайды.
Осы жылдың 19 шілдесінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне қаладағы Қожанов көшесінің бойында күл-қоқыс жанып жатқаны хабарлама келеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөлігімен жедел жетеді. Өрт сөндірушілер қаладағы Қожанов көшесінің бойында орналасқан темір қоқыс контейнердің ішінде жиналған күл-қоқыс қалдықтары түтегенін анықтайды. Оқиға өртке ұласпайды.
20-шілдеде Түркістан қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері депоға келіп түскен хабарлама негізінде «Оралман» мөлтек ауданы Майлыкент көшесі бойында ашық алаңда ауданы 5 шаршы метрді алатын құрғақ шөптің жану жағдайын анықтайды. Оқиға өртке ұласпаған.
Үйінің ауласындағы құрғақ шөптің жанғаны қорқыныш тудырған соң 20 шілдеде өрт сөндірушілер қаладағы Мерей көшесіндегі №38 үйден шақырту алады. Аталған мекенжайға келген кезде өрт сөндірушілер үй ауласында көлемі 6 шаршы метрге тамыр тартқан құрғақ шөптің бықсып, жанғанын, оқиға өртке ұласпағанын анықтайды.
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері Юсупов көшесі бойында күл-қоқыстың жанып жатқаны туралы хабарламаны қабылдайды. Келіп түскен хабарлама бойынша Түркістан қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына 8 минутта жетіп, Юсупов көшесінің бойында ашық алаңда жиналған қоқыс қалдықтарының бықсып, жанғанын анықтайды. Абырой болғанда оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккендер де болмаған.
Бір күннен соң, яғни, 22 шілдеде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері кезекті хабарлама негізінде Тоған және Есіл көшесі бойында құрғақ шөптің жанғанын анықтайды.
Сонымен қатар 24 шілдеде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері Талқанбаев көшесі бойында құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде қала тұрғынынан хабарлама қабылдайды. Келіп түскен хабарлама бойынша өрт сөндірушілер АЦ-5-40(43253)-011, АЦ-8-70(43118) өрт сөндіру автокөлігімен хабарламада айтылған мекенжайға жедел жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер Талқанбаев көшесі бойында қоқыстың түтеп, бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.