ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ОҚИҒА ОРНЫНА ЖЕДЕЛ ЖЕТЕДІ

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне «Түркістан-Қызылорда» тас жолы 105 көше нөмірсіз үйде құрылысқа қолданылатын аппараттың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Оқыс оқиға бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен 6 минутта жетеді.

Түнгі сағат 01:13-те тіркелген жағдай бойынша өрт сөндірушілер престеу қондырғысының электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан түтеп, бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.

Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.