АҚАУ ЭЛЕКТР ЩИТІНІҢ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУЫНАН ШЫҚҚАН
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 20:46-да №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Түркістан қаласы, Энергетик көшесіндегі подстанцияда өрт болып жатқаны хабарланады.
Хабарлама бойынша Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына сағат 20:49-да жетеді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде Энергетик көшесі нөмірсіз үй мекенжайында орналасқан «Оңтүстік жарық транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты электр подстанциясының электр щитінің ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан подстанция түтеп, бықсығаны анықталады. Өртке ұласпаған.
Аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Дәл осындай ақау салдарынан 15 шілдеде тағы бір оқыс оқиға орын алады. Атап айтқанда, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне түнгі сағат 04:00-де Жолбарысхан көшесі №6 мекенжайында орналасқан Хилтон қонақүйі жанып жатқаны туралы хабарлама түседі.
Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына сағат 04:10-да жеткен кезде «Hampton by Hilton» қонақ үйінің жертөлесінде орналасқан электр шитінің қысқа тұйықталуынан түтеп, бықсығанын, оқиға өртке ұласпағанын анықтайды.
Бұл оқиғадан нысан иесіне материалдық шығын келмеген.