ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ОҚИҒА ОРНЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТЕДІ

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде сағат 13:05-те  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт оқиғасы туралы кезекті хабарлама түседі.

Хабарламада қаладағы Аруана көшесі бойындағы үйде өрт болып жатқаны айтылады. Осыған орай №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері  өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына сағат 13:18-де жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер үй ауласындағы гараждың төбе жаппасындағы қамыстың түтеп, бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.