ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНҒА ОРАНДЫ

Осы жылдың 18 қыркүйегінде Түркістан қаласы «Жаңа қала» мөлтекауданындағы №38/1 үйдің алдында жеңіл автокөлік отқа оранады.

Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде тіркеледі. Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына барып,  «Daewoo Nexia» маркалы жеңіл автокөліктің толығымен жанғанын  анықтайды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Орын алған оқиғаға байланысты құтқарушылар көлік тізгіндейтін әрбір жүргізушіге автокөліктерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, дер кезінде техникалық байқаудан өтуді ескертеді.