ҚҰТҚАРУШЫЛАР БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫНЫ БІР САҒАТ ІЗДЕДІ

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде сағат 19:38-де Б. Ақшаұлы көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде жыланның жүргені туралы хабарламаны қабылдайды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері хабарламада көрсетілген оқиға орнына жедел жетеді.

Құтқарушылар үй ішінде бауырымен жорғалаушыны бір сағат іздейді. Жылан табылмайды. Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.

Осы сипаттағы жағдай 7 қыркүйектеде орын алады. Атап айтқанда, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан   үй ішінде жыланның жүргені туралы хабарлама түседі. Хабарламада көрсетілген мекенжайға құтқарушылар жедел жетіп, жыланды іздестіру жұмысын бастайды. Жылан бір сағат көлемінде іздестіріледі. Бірақ табылмайды. Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.