ӨРТ ӨЗДІГІНЕН ЖАНУ ОҚИҒАСЫНАН ОРЫН АЛҒАН

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Түркістан қаласында кезекті өрт оқиғасы орын алады. Қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне түнгі сағат 02:33-те Қорқыт ата көшесіндегі үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Хабарламада көрсетілген мекенжайға өрт сөндірушілер сағат 02:42-де жетіп, қызыл жалынмен күреседі.

Тұрғын үйдегі өрт өздігінен жану оқиғасынан орын алған. Салдарынан тұрғын үйдің бір бөлмесі (жалпы көлемі 4х5 шаршы метр болатын) ішіндегі заттарымен жанады.