ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОҚЫС ОҚИҒАМЕН БЕТПЕ БЕТ КЕЛГЕН БІР ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРАДЫ

104
0

Ағымдағы жылдың 20 маусымында күндізгі сағат 11:43-те Түркістан қаласынлдағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне кәріз жүйесіне бір жасар бала түсіп кеткен туралы хабарлама келіп түседі.
Хабарламада оқыс оқиға Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесіндегі үйде болғаны айтылады.
Келіп түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, бір жастағы баланы кәріз жүйесінен шығарып алады.
Орын алған оқиғаға байланысты құтқарушылар ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдырмауын ескертеді.