БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

74
0

«Тұрдыабад» тұрғын алабында тұрғындардың ұсынысымен “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында құрылған Н.Ризаев көшесінде балалар ойын, тренажер алаңшасы тұрғын алаб биі Толаганшик Юлдашев, тұрғын алап ақсақалы Розимат Ризаев, қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы Нуриддин Сабиров бастаған топ және ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен салтанатты ашылуы өтті. Ағымдағы жылдағы атқарылып жатқан жұмыстар тізбектелді.

Атап айтқанда:
Сүзік Ата көшесіне фреза қалдықтары төселіп, көше ретке келтірілді.

Қазіргі уақытта «А Мерей и К» ЖШС-і тарапынан жекеменшік жүйедегі 484 абонентке жаңадан электр желілерінің, электр бағаналары мен сымдарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 3 дана трансформатор орнатылып, қазіргі уақытта тұрғындарды абоненттеу аяқталуда.

Н.Ризаев және Жаңақұрылыс көшелерінің топырақ жолына шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Е.Исраилов көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарға енгізілді.

Өз кезегінде тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтып, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттіліктерін тіледі.