ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АНГИОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛҒАН ОТА ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

71
0
Түркістан қалалық орталық ауруханасына «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылған ота залының ашылу салтанаты өтті.
Шараға Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов қатысты.
– Бүгін Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға заманауи жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды. Одан бөлек, Сайрам және Сарыағаш аудандық ауруханаларына да қойылған болатын. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Мұның бәрі халық үшін жасалып жатқан жұмыстар. Денсаулық сақтау министрлігі және облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай құрал-жабдықтар медициналық мекемелерге қойылып жатыр. Бұл жүйе жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Марат Орынбасарұлы.
Сондай-ақ басқарма басшысы ауруханадағы ангиохирургия бөлімшесін аралады. Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жетекші хирург-интервент маманы Б.Усмановтың қатысуымен өтетін мастер-класс барысында емдеу жоспарланған науқастардың жағдайымен танысып, тілдесті. Айта кетейік, алдағы уақытта да халық үшін игі жұмыстар атқарылып, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жалғаса бермек.