ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

67
0
Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен жұмыс жасау — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2022 жылы қаламызда «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастаған болатын.
Қазіргі таңда, орталықта 30-ға жуық бала тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін алуда. Олармен кәсіби мамандандырылған психиатр, невропатолог, логопед-дефектолог, психологтар жұмыс жасауда.
Ең бастысы, мекеме заманауи құрылғылармен жабдықталған. Балаларға АВА топтық және жеке қабылдау бөлмелері, қосалқы білім беру, лего және робототехника тігін шеберханасы, АРТ-терапия, ағаш шеберханасы, музыкалық кабинеттер жасақталған.
Орталықтың мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би, 77 “А”.