ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АРЫЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

145
0
Осы мәселенің түйінін тарқату мақсатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті бөлім басшылары мен қоғам белсенділерінің басын қосып, алқалы жиын өткізді.
Қалада қазіргі таңда «Қамқорлық» жанұялық орталығы құрылды. Бұл мекемеде мамандар көпбалалы аналарға психологиялық, құқықтық мәселелер (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау (Медициналық Әлеуметтік Сараптама Жүргізу (ВТЭК) тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, жаңа мамандықтарға баулып, компьютерлік сауат ашуға, қабілеттіліктеріне қарай кәсіп игеруге көмектеседі. Орталық қызметі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сүру сапасын арттырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған. Қала әкімі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жоғарылату үшін белсенді азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, жоспар түзуді және жоспардың орындалуын талқылап, жұмысты жетілдіру мақсатында жаңа ұсыныстар енгізіп отыру бойынша алқалы жиынды тұрақты өткізуді тапсырды.