МАҚСАТ — ҚОЛЖЕТІМДІ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

118
0
Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының, Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодекспен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының «Е-Өтініш» жаңа ақпараттық жүйесінде қаралуы туралы қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
Семинар барасында қызметкерлерге ақпараттық жүйе арқылы шағымдарды қабылдау мен тіркеудің негізгі принциптері түсіндірілді. « Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірыңғай база.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі 2021 жылдың шілде айынан бастап жүзеге іске қосылған.
Бұл жүйе азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіру үшін қолға алынуда.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған жобаны Бас прокуратура Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімімен бірге әзірлеген.
Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:
— мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
— мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
— өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
— мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көрсетілген ақпараттық жүйенің маңыздылығына назар аударды.