РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Жаңа Қазақстан қайда деп іздейтіндер көп. Кейде өзімде сөйтемін. Іздеу ізденіске жетелесе біраз іргелі өзгерістертерді көруге болады екен. Бізде жалпы ұлттық болсын, мемлекеттік, кәсіби мерекелердің атап өтілуі демалу, мерекелік іс шаралармен есте қалып, еске түсетін сияқты. Шын мәнінде солай ма? Осы күндерді белгілеп, атап өту тарихына үңілу, жабылып іздей беретін идеологияның бір ұшын ұстатпай ма екен.
Ұлттық мереке Республика күнін алайық. 13 жылдан соң қайта «оралған» мерекенің тарихы мен маңызы қандай еді?

Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды.
25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.
Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Мереке алынып тасталған дықтан 13 жыл осы тарих еске алынбай келді.
Былтыр «Серпіліс» ҚҚ-ы осы күнге орайлас тырып » Көк тудың желбірегені» патриоттар форумын өткізді. Декларацияны қабылдауына дауыс берген депутат, белгілі қоғам қайраткері Иманәлі Оспанәлиев тарихи күнді қайта еске салып, ұлттық мерекенің маңызын арттыра түсу керектігін айтты. Жиналғандар тарих куәгерінің әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады. Міне, мерекенің идеологиялық маңызы. Міне, мерекенің тарихи санаға әсері.
Ал, биыл Республика деген партия тіркеліп, мемлекеттің саяси өміріне араласып жатыр.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ОСЫНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН БАСТАЛАДЫ!

Бейсенкүл Нарымбетова,
«СЕРПІЛІС» қоғамдық қорының президенті, журналист.