ШЫМКЕТТЕГІ КЕЗЕКШІ ХҚО ЖАҢА МЕКЕНЖАЙҒА АУЫСТЫ

79
0

2 наурыздан бастап Шымкеттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайға ауысты.

Шымкент қаласы бойынша кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді. Бұған дейін Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан кезекші ХҚО енді Жангелдин көшесі, 13 А ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.
Кезекші ХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.
Еске сала кетейік, кезекші автоХҚО әдеттегі кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін ашық.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы алуға болады.