АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ ДЕПУТАТҚА БЕРІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР МЕН КӨЛІКТЕН БАС ТАРТУҒА ДАЙЫН
Мәжіліс депутаты, «Resрublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров мемлекеттен берілетін қызметтік пәтер мен көліктен бас тартуға дайын екенін айтты.
«Қазіргі таңда депутаттар 1 млн теңгеге дейін айлық алады, негізінен 600-700 мың теңге. Сіз өте табысты кәсіпкерсіз. Алдағы брінеше жылда депуттардың айлығы көтерілмейтінін ескерсек, сіз осындай айлыққа жұмыс істеуге дайынсыз ба? Сонда өміріңізге керек қосымша ақшаны қайдан аласыз?» — деп сұрады БАҚ өкілі Мәжіліс кулуарында.
Мәжіліс депутаты қазір өз иелігіндегі компаниялар сенімгерлік басқаруға өткенін айтты.
«Заңнама талаптарының аясында мен компанияларды сенімгерлік басқаруға табыстадым. Бірақ, мен сол компаниялардан дивиденттер алып отырамын. Сәйкесінше, менде қаржылық қиындықтар туындамайды. Мен жоспарлап отырған жоқпын, тіпті депутаттың сол айлығына аса бір сұранып та тұрған жоқпын. Өйткені, депуттарға берілетін пәтер, мәшине сияқты артықшылықтар үшін сайлауға түскен жоқпыз. Өз партияластарымның оған аса құлшынып отырмағанын анық білем. Егер қандай да бір заңды жолы болса, біз ол артықшылықтардан бас тартуға дайынбыз», — деді депутат.